18 Август
18:43
Астана: 21 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
11 тамыз 11:12
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар USB-порттың ең басты кемшілігін анықтады


Аустралияның Аделаид университетінің ғалымдары USB-порттардың ақпараттық қауіпсіздікті қорғаудағы ең басты кемшіліктерін анықтады. Олардың айтуынша, USB-порттар маңызды ақпараттарды қолды етудің негізгі көзі ретінде танылып отыр, деп хабарлайды EurekAlert! басылымы.

«Бұған дейін ақпарат тікелей компьютерге барғандықтан, ол қауіпсіз жерде деп саналып келді. Алайда зерттеу нәтижелері зиянкес немесе бұзылған құрылғының көршілес портқа немесе сол USB-портқа жалғанған болса, ақпарат ұрлануы мүмкін екенін көрсетті», – дейді зерттеу авторларының жетекшісі Ювал Яром.

Зерттеуші ғалым USB-дің пернетақта немесе енгізудің өзге құралдарын компьютерге қосуға бағытталғанын атап өтіп, ол арқылы құпия ақпарат пен кілт сөздерді ұрлауға болатынын тілге тиек етті. Бұл қауіп туралы ғалымдарға университет студенті айтып берген. Ол бір компьютерден екінші компьютерге ақпарат жіберетін USB-құрылғысын көрсетіпті.

Бұл ретте мамандар әртүрлі 50 USB-концентраторды тексеріп, ақпараттың растығына көз жеткізген. 


Дереккөзі: Stan.kz
 
нравится:    91
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии