16 Декабрь
19:03
Астана: -14 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
11 мамыр 11:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар: Ұялы телефон ми рагін тудырмайды


Австралия ғалымдары соңғы 30 жылдағы онкологиялық диагноздарға талдау жүргізіп, ұялы телефондар обыр деңгейіне еш әсер етпеген деген қорытынды жасады. Зерттеу нәтижесін Naked Science сайты жариялады.
Ұялы телефондардың кенеттен көбейіп кетуі ми рагі ауруының күрт артуын болдырмаған.
Зерттеу барысында австралиялық ғалымдар 1982-2012 жылдар аралығындағы 19 858 ер адам мен 14 222 әйелдің диагнозын сарапқа салған. Осы аралықта сырқаттың деңгейі тұрақты болған. Қатерлі ісік 70 жастан асқан адамдарда жиі кездесе бастаған, алайда бұл үрдіс ұялы байланыс кең таралғаннан 5 жыл бұрын басталған.
Зерттеушілердің мәліметіне сенсек, Австралияда алғашқы ұялы телефондар 1987 жылы пайда болған. Арада 20 жыл өткен соң оны тұрғындардың 90 пайызға жуығы қолдана бастаған. 
Қатерлі ісіктің күрт өсуі 80-шы жылдары тіркелген, алайда бұл ұялы байланысқа қатыссыз, керісінше ракты анықтау әдісінің жетілдірілуіне байланысты.
нравится:    810
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии