20 Август
07:54
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
12 маусым 15:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар зейінді арттыратын шоколад ойлап тапты
Солтүстік Аризона университетінің ғалымдары адам зейінін арттырғыш шоколад түрін ойлап тауыпты. Бұл туралы epochtimes.ru-ке сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.



Мамандар әзірлеп шығарған шоколад қан қысымын төмендете алады. Олар 18 бен 25 жас аралығындағы 122 еріктіні қатыстырып, тәжірибе өткізген.

Қатысушылар екі топқа бөлініп, біріншілеріне дене салмағының әрбір келісіне зейін арттырғыш шоколадтан 1 грамнан есептеліп берілді. Мысалы, егер адам салмағы 75 келі болса, сәйкесінше 75 грамм ұсынылды. Ал екінші топ мүшелері кәдімгі дүкеннен алынған шоколадты жеді.

Артынша барлық қатысушылар жады мен есте сақтау тестін тапсырды. Ал сол сәтте олардың ми жұмысын ғалымдар электрлі энцефалограф көмегімен тексерді.

Нәтижесінде емдік шоколадты жегендердің екінші топпен салыстырғанда, неғұрлым мұқият болып, тесті жақсы тапсырғандығы анықталды. Сөйтсе, зерттеушілер өз өнімдеріне көк шәйда болатын L-теанин амин қышқылын қосқан екен.
нравится:    794
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии