12 Декабрь
18:09
Астана: -20 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
29 сәуір 11:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар жарылғыш затты анықтайтын сканер ойлап тапты


Британдық мамандар үлкен-кішісіне қарамай, кез келген жарылғыш затты анықтайтын сканер ойлап тапты, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Инженерлердің айтуынша, жаңа құрылғы Брюссель мен Парижде болған лаңкестік әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді. Қазір құрылғыны жасаған инженелердің бірі жарылғыш заттың кішкентай түйірін киімінің ішіне салып жатыр. Лазер, камера және электронды чиппен жарақтанған сканер қауіпті нәрсені жаңылмай таниды.
«Мен жарылғыш затқа саусағымды тигізіп көрдім, бірақ ештеңе сезе алмадым. Ал біз жасаған құрылғы оны бірден анықтайды», Лафборо университетінің профессоры Джон Тайрер.
Инженерлердің айтуынша, жаңа сканер әуежайлар мен адам көп шоғырланатын орындарға таптырмас құрал бола алады. Бұл құрылғы бір жағынан содырларға қарсы құралға айналса, екіншіден бақылауды күшейту ісін жеделдетуге мүмкіндік бермек.
Джон Тайрердің айтуына қарағанда, құрылғыны есік жақтауына бекітіп қойса, ол адамдардың тұла бойын тынымсыз толық сканерлеп тұрады және жолаушылар нөпіріне кедергі келтірмейді екен.
 «Бұл - маңызды құрылғы. Себебі, оны адамға тигізіп қажеті жоқ. Сондықтан ол мүлде көзге түспей, елеусіз тұрады. Біз адамдардың бойынан жарылғыш заттарды іздейміз, ал олар түк сезбейтін болады», - дейді қауіпсіздік саласындағы консалтингтік компания директоры Мэттью Финн.
 
 
нравится:    614
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии