19 Декабрь
04:24
Астана: -20 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
10 қараша 10:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ғалымдар: жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынау пайдалы

Жапония ғалымдары жұмысқа екі түрлі жолмен жететін адамдардың денсаулығын салыстырды. Осы ретте өткізілген сынаққа жас шамасы 50-ге келіп қалған 6 мың адам қатысқан.  Олардың тең жартысы жұмысқа қоғамдық көлікпен барса, қалғандары жеке көлік мініп жеткен.  3 жылға созылған тәжірибе нәтижесіне сәйкес, қоғамдық көлікпен жүргендердің денсаулығы мықты болатыны анықталды, деп жазады informing.ru. Мамандардың айтуынша, олардың қан қысымы қалыпты болып, диабет пен артық салмақ дегенді білмейді екен. Сөйтсе, жұмыс орнына қоғамдық көлікпен немесе велосипедпен бару семіздіктің пайда болуын 44 пайызға, қан қысымының артуын 27 пайызға, ал диабеттің пайда болу қаупін 34%-ға азайтқан. Мұның өзінде қоғамдық көлікпен жүретін жолға 20 минут уақыт жұмсалуы тиіс.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    679
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии