Мәдениет
22 тамыз 14:51
Ғалымжан Молданазардың жаңа бейнебаяны көпшіліктің жоғары бағасын алды



Синти-поп мәнерінде танымал қазақстандық әнші Ғалымжан Молданазар жаңа бейнебаянын жариялап, көпшіліктің жоғары бағасын алды.

«Есімде бәрі» деп аталатын ғарыш тақырыбына арналған жаңа туындыда әншінің «ғарышкер болсам» деген бала арманы көрініс табады.

Өз кезегінде Молданазардың тыңдармандары туындыға жоғары баға беріп, түрлі жағымды пікірлер қалдырып жатыр.

Oimenor: Әлемдік деңгейге шығуға тұрарлық бейнеклип!

Бека Бек: Бір әлемге кіріп кеткендеймін не деген сезім, не деген қиял қайдан шығып жатқан дүние Ғалымжан сенің миыңа бір сағатқа кіріп шыға алсамшы ????

mylok m: Молданазар- сіз менің қиялымсыз! Мен сіздің өлеңдеріңіз бен клиптеріңізден өзім қалаған нәрсені таба аламын. Ал бұл маған шабыт пен мотивация береді! Мен сізді өмір бойы жақсы көріп өтемін!

SCRAP FLY: ...Керемет Молданазар, шығармашылығыңызға тәнтімін! Сіздің концертіңізде болу арман болды ғой ????

просто кто-то: Соншалықты керемет жасалынған, тіпті бейнебаянның ішіне кіріп кеткендей болдым! Әуен мен картинканың қалай күшті сәйкес келуін айтсаңшы, осы сияқты әуеннің көңіл күйін жеткізе алатын бейнебаян, бейнебаянға құйып қойғандай келетін әуен жасау бәрінің қолынан келе бермейді! Жарайсыңдар! P.S.: айта кетелік, тек Молданазар ағамыздың жұмысы емес, бұл күрделі жұмыс үлкен ұйымның еңбегі. Сондықтан, барлығыңызға рахмет!)

Symbat*: Аздап Мультикке ұқсайды екен ) Жер бетіндегі бітпес тірліктен алыстап,қиындықтарыңды уақытша ұмытып жекее бір қияли əлемге ұшып кетесің.. Молданазар ерекше ,терең адам. Сондай адамдар аман болсын,бар болсын! Реали қатыгез,суық Жерде осындай жаны жылы жандар көп болсын!

Lunam lu: керемет жұмыс жарайсыңдар!!!!! ән мен бейне баян бір біріне сай (режиссер жас таланты жігіт екен,арнайы білімі жоқ болса да осындай жұмыс жасаған мақтауға тұрарлық)



Сценарийі - Санжар Ғалымжанов
Режиссері - Бекентай Әжібеков

 

Комментарии




Яндекс.Метрика