|    |  
13 қараша 2019
11:54
қаз
"Гарри Поттер"-дің кінәсінен үкінің сирек кездесетін түрі жойылып кетуі мүмкін
29 маусым 2017, 15:12 44


Ява және Бали аралдарындағы құстардың қара нарықтағы ассортименттерін зерттеген ғалымдар күтпеген қорытынды жасады.
 
Индонезияда жабайы үкілер санының азаюына Джон Роулингтің Гарри Поттер туралы кітабының танымалдылығын кінәлады. Оксфорд университеті ғалымдарының Global Ecology and Conservation журналында жариялаған мақаласында осындай мәліметтер келтіріледі, деп хабарлайды "Утро.ру".

Мамандар Ява және Бали аралдарындағы қара нарықтағы тірі жабайы үкілерге деген сұраныстың статистикасына талдау жасап, жас сиқыршы туралы жаңа кітаптар мен фильмдердің жарыққа шығуы олардың сатылымына тікелей әсер етті деген қорытындыға келді. Заңсыз сатушылардың басым бөлігі құсты ескі нақышта безендірілген тормен бірге сатуды кәсіпке айналдырған. Мұндайды көрген Гарри Поттердің жанкүйерлері өздерін фильмдегі немесе кітаптағы Гарри Поттер мен оның достары білім алатын Хогвартс сиқыршылар мектебінде хат тасушы болып «қызмет ететін» Хедвиг (кейбір аудармасында Букля) есімді поляр үкісін сатып алғандай әсерде қалады.

— Гарри Поттер туралы кітаптар жабайы үкіні үй жануары есебінде ұстауды қалыпты жағдайға айналдырып отыр. Қазір Индонезияда оны бұрынғыша елес-құс (Burung Hantu) емес, Гарри Поттердің құсы (Burung Harry Potter) деп атайды, - деп мәлімдеді Оксфорт университетінің ғалымы Винсент Найджмэн.


Дереккөзі: Утро.ру
 


Жаңалықтар