15 Декабрь
13:58
Астана: -14 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Мәдениет
24 маусым 09:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Гауһар Әлімбекова бай-бағланның екінші әйелі немесе ашынасы болмайтынын айтты
Жақында танымал әнші Гауһар Әлімбековаға Шымкент қаласының 52 жастағы тұрғыны сезімін білдіріп, өмірлік жар болуын өтінген еді. Осыған орай, әнші ұсыныс жасаған адамға өз жауабын берді. Бұл туралы Замана басылымына сілтеме жай отырып nur.kz. хабарлайды.


«Бұл кісінің тосын әрекетіне таңданып отырмын. Егер ол ақыл-есі бүтін, өн бойында кемістігі жоқ жан болса сезімін неге менің өзіме келіп айтпайды? Құдайға шүкір, қазір заман дамыған. Байланысудың да түрлі-түрлі тәсілдері бар. Өзіме келіп, жағдайын айтып, ұнатып жүргенін білдірсе, онда әңгіме басқаша болар ма еді… Өзінің жеке өмірін, сезімін күллі жұртқа жария еткенін онша түсінбей отырмын», — дейді әнші.

Алмабек Ташметов есімді азамат әйелі ауыр дерттен көз жұмғанын, жалғыздықтан жабыққан соң, әлі тұрмыс құрмаған Гауһар Әлімбековаға үйленгісі келетінін айтқан еді.

«Жақында Республика сарайында жеке ән кешімді өткіздім. Сонда әзілдеп, жүрегінің түгі бар азаматты іздеп жүргенімді айтып едім. Шамасы бұл кісі содан кейін ойланған болса керек. Енді… Бұйырғанын көрерміз. Бірақ дәл қазір ол кісімен кездесейін, көрейін деп айта алмаймын», — деп ашығын айтты Әлімбекова.

Сонымен қатар, танымал әнші бүгінге дейін тұрмысқа шығып, отбасы құрмауының себебін түсіндірді.

«Жолыққан жоқ қой. Әлі күтумен келемін. Жалпы, отбасын құру, тұрмысқа шығу өте жауапты мәселе. Мен бұған немқұрайды қарай алмаймын. Жасыратын несі бар, маған сезімін білдіретін азаматтар аз емес. Бірақ жүрегімді дір еткізіп, өзіне бірден баурап алатын жанды әлі кездестірген жоқпын. Шыны керек, кейде жұрттың мен туралы айтқан әртүрлі әңгімелерінен шаршаймын, көзді тарс жұмып, алдымнан шыққан азаматтың етегінен ұстай салғым келеді. Сөйтіп елдің өсегінен құтылсам ба деп те ойланам. Бірақ олай істей алмайды екенмін. Базбіреулер секілді бай-бағландардың екінші әйелі немесе азаматтық некедегі ашынасы да бола алмайды екенмін. Өйткені ондай қылық менің табиғатыма жат. Мен ауылдың, ата-ананың, кемпір-шалдың тәрбиесінде болған, қазақтың ырым-тыйымын, салты мен дәстүрін санама сіңіріп өскен қызбын. Ақша, атақ үшін өзім сүймеген адамның соңынан еріп кете алмайды екенмін», — деді Гауһар Әлімбекова.

Әңгіме соңында әнші өзінің Instagram, Facebook секілді әлеуметтік желілерде не үшін отырмайтынын да айтты.

«Инстаграмыңыз» не, «Уатсап» дегеннің өзін енді меңгерудемін. Жұрт алдына шыға бергенді ұнатпаймын. Әлдебіреулер секілді не ішіп-жегенін, қандай киім кигенін, бүгін кімнің тойында ән салғанын, тіпті тоңазытқышында қай жылғы соғымның жатқанын айтып, ел алдында елпілдей беретіндерден емеспін. Әлеуметтік желіде жағдайы төмен, бірнеше жылдық соғым түгілі бір кило ет таба алмай отырған адамдар да бар шығар. Сондықтан олардың көңіл-күйін түсіріп, қызғанышын тудырып, майда-шүйде нәрсені жарыққа шығара бермеген жөн. Әр адамның өзінің жеке өмірі, жұртқа жаюға болмайтын құпиясы болуы керек. Сонысымен де тартымдырақ көрінеді деп ойлаймын», — дейді әнші.
нравится:    1015
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии