|    |  
17 ақпан 2019
14:44
қаз
​Гауһар Әлімбекова Елбасыға хат жазып, араша сұрады
31 қаңтар 2019, 18:58 185
Желіде күні кеше алаяқтық жасады деген айыппен алты жылға сотталған әнші Гауһар Әлімбекованың араша сұрап, Елбасыға жазған хаты тарап кетті. Әнші өзінің алаяққа алданып қалғанын айтқан. Өзіме бірге сотталған Феруза Ордабаева алдаған көрінеді.  Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.


 
“Оралбаева Феруза атты азаматшаны 2009 жылдан бері танитын едім. Үнемі концерттеріме келіп жүретін, өнеріме тәнті жандардың бірі болғандықтан, кейін бір-біріміздің жиын-тойларымызға қатысып, араластығымыз арта түсті. “Адам аласы ішінде” дейді ғой, қанша уақыт танысам да, ол кісінің анық қандай екенін түсінбеппін”, – дейді әнші.

Ордабаева 2013 жылы әкімдікте танысы барын айтып, мемлекеттік бағдарлама арқылы Алматыдағы “Ақкент” тұрғын үй кешенінен үй алып беруге көмектесетінін айтқан. Әнші 40-тан асса да баспанасыз жүргенін, сол себепті осы мүмкіндікті пайдаланбақ болғанын жеткізген. Сөйтіп  Ордабаеваға 80 мың АҚШ долларын ұстатқан. Сонымен бірге қанша жылдан бері араласып жүрген құрбысы Бақыт Назароваға да осындай мүмкіндіктің барын айтқан. Екеуі де келісілген пәтерге ие болған. Алайда екі жылдан кейін Ордабаеваның пәтерді заңсыз жолмен әпергені анықталып, Гауһар Әлімбекова да, оның құрбысы да далада қалған.Сан соғып қалғандардың бірі Бақыт Назарова Ордабаеваны жақсы танымайтынын алға тартып, бұл іске Әлімбекованы кінәлай бастаған. Ақырында сотқа дейін барған.
 
«Аса қадірменді Елбасы, мені тығырыққа түсірген осы мәселе бойынша маған араша түсуіңізді сұраймын. Сіздің салиқалы саясатыңызды аяқасты етіп, жан ұшынан жалғасқан жемқорлыққа жол бергендердің заң алдында жауап бергенін қалаймын. Құқық қорғау органдары әділ заң аясында шешім шығарып, нағыз алаяқ әділ жазасын алады деп үміттенемін. Менің ендігі үмітім – тек Сізде! Мен сізге “мені қалайда ақтап алыңыз” демеймін. Тек істің ақ-қарасын айырып, әділдіктің салтанат құруын өз бақылауыңызға алсаңыз болғаны. Бүкіл елге танымал әншіні еш дәлелсіз күдікті деп тануға, заңсыз қудалауға жол бермесеңіз екен», – деген сөз соңында.






 


Жаңалықтар