18 Август
01:05
Астана: 18 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
25 қыркүйек 09:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Гавай балықшысы аяғын тістеп алған акуланы аяғымен теуіп қайтарды
Гавай аралдарында тұратын Брэкстон Роча есімді балықшы өзінің аяғынан тістеп алған акуланы екінші аяғымен теуіп, қуып жіберді. Бұл туралы Associated Press хабарлады.



27 жастағы жігіт жағалауға жақын маңнан балық іздеп, су астындағы үңгірге тап болады. Сол кезде өзінің жанында жүзіп жүрген көлемі үлкен жолбарыс акуласын көріп қалады.

«Ол аузын арандай ашып, маған қарай жақындап келе жатты», – дейді Роча сол сәт туралы. Айтуынша, артынша дәл қасына келген су жыртқышының мұрнынан қос қолымен ұстап, кері қарай жасқамақ болады. Бірақ акула өте күшті болып шықты. Ол әпсәтте балықшы жігіттің аяғынан шап беріп, тістей алады.

«Аяғымнан тістеп алған кезінде.. мен сәл артқа шегініп тұрдым да, екінші аяғыммен мұрнынан қатты теуіп қалдым. Содан кейін алып балық кері шегінде де, ары қарай кетіп қалды», – дегенді қосты балықшы.

Роча жағаға қарай жақындап қалғанда, арғы жағында жүрген достарын айқайлап шақырады. Жедел жеткен құтқарушылар оны тікұшақпен жергілікті ауруханаға жеткізеді. Акуланың тісі оның аяғына бірнеше сантиметрге кіріп кеткен екен. Үш сағатқа созылған операциядан кейін дәрігерлер пациенттің жарасы толық жазылған соң бәрі жақсы болып кететінін айтты. Жігіт ота жасау кезінде медициналық персоналға әзіл айтып жатқанын мәлімдеді. Себебі, аман қалғаны үшін шексіз бақытты болып жатқан екен.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    923
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии