16 Декабрь
18:58
Астана: -14 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
11 шілде 10:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Гендік мутацияға ұшыраған бактериялар адам «жеуге» көшті
 

2010 жылы Мексика шығанағындағы мұнай станциясы жарылып, қоймалжың сұйық теңіз бетіне төгілген болатын.  Мұнай 100 шаршы шақырымға жайылып, аталмыш аймақта апаттық жағдай орын алған еді.
 
Тосын апаттан құтылудың жолын іздестірген жауапты органдар Хемильтон Смит есімді ғалым ойлап тапқан «Синтия» бактериясына үміт артқан еді. Кейінірек осы жаңалығы үшін Нобель сыйлығын иеленген Смит ойлап тапқан «Синтия» бактериясы мұнай қалдықтарын бірте-бірте жеп тауысуы тиіс болатын.
Алайда, гендік мутацияға ұшыраған бактериялар уақыт өте келе тірі организмдерді «жеуге» көшкен. Бактерия жіберілген аумақта бірнеше мәрте түсініксіз оқиғалар болған. 5 000 құс пен 100 000 балықтың жаппай қырылуы осы бактериялардың ісі екені енді ғана айтылып отыр.
Апатты ауыздықтау жұмысына қатысқан British Petroleum компаниясының 128 қызметкеріне билік өкілдерінің мемлекеттік денсаулық сақтау бөлімшелеріне баруға тыйым салғаны да аталмыш жұмыстардың шикілігін көрсетіп отыр.
Guardian агенттігі жариялаған деректерде АҚШ ауруды емдеу және бақылау орталығының мәліметтері берілген. Онда тек 2014 жылдың өзінде бактерияның кесірінен 97 адам науқастанғаны, оның 27-сі кейіннен көз жұмғаны айтылады.
Мамандардың айтуынша, «Синтия» бактериясы адамға екі түрлі жолмен беріледі. Суға түскен адамның денесіндегі жара, тіпті кішкене сызаттың өзі бактерияның ағзаға енуіне жетіп жатқан көрінеді. Ал, екінші жолы – бактерия жұқтырған теңіз жәндіктерін жеу арқылы. Осы екі жолмен ағзаға түскен бактерия тері мен бұлшық ет арасына жайылып, жасушалардың жойылуына алып келетін токсиндер шығара бастайды.
Guardian агенттігі келтірген деректе техастық тұрғын бактериялы суға аяғын жуғаннан кейін не болғанын айтып берген. Бар болғаны бірнеше сағаттың ішінде аурудың асқынғаны сонша, әлгі жігіттің аяғын кесіп тастауға мәжбүр болған.
 
Дереккөз: bnews.kz
нравится:    1161
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Sampoi2016-07-11 12:55:01
    Перекись водорода не помогает?