|    |  
11 желтоқсан 2018
23:11
қаз
«General Motors» 180 мың автомобильді кері қайтарады
19 тамыз, 10:11 716
АҚШ-тың ірі автоөндіруші «General Motors» компаниясы Сотүстік Америка нарығынан жарық шамдарында ақау бар деген себеппен 180 мыңға жуық көлікті кері қайтаратынын мәлімдеді, деп хабарлады «ТАСС» агенттігі. Сервистік акция бойынша, АҚШ аумағында шығарылған 2005 және 2007 жылғы «Buick Lacrosse» және «Pontiac Grand Prix» седандары, сондай-ақ Канадада сатылған 2005 жылғы «Buick Allure» автомобильдері қайтарылады.



«General Motors» бұл көліктерде алдыңғы жарық шамның дұрыс істемеуі салдарынан ол кездейсоқ сөніп қалуы мүмкін екені анықталғанын хабарлады. 

Автоөндіруші аталған ақауға байланысты орын алған қандай да бір оқиға шықпағанын мәлімдеді. Кері қайтарылған көліктер тегін жөнделеді.

Дереккөзі: ҚазАқпарат


Жаңалықтар