21 Сентябрь
18:15
Астана: 22 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Авто
25 мамыр 16:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

General Motors қомақты айыппұл төлеуі мүмкін
General Motors компаниясы техникалық қателіктер туралы ақпараттарды жасырғаны үшін қомақты көлемде айыппұл төлеуі мүмкін. New York Times хабарламасына қарағанда, АҚШ Әділет министрі General Motors компаниясына өзінің ісіне салғырт қарады деп айып тағып отыр екен. Ендігі кезекте компанияға  өзінің жіберген кемшіліктері үшін, 1 млрд доллар көлемінде айыппұл төлеу міндеттері тағылған.
 

2014 жылы АҚШ басталған тексерулерге  қыздыру тиектерінде орын аған ақаулықтар себеп болған. Машина жүріп келе жатқанда моторды істен шығаратын ақаулық кем дегенде 104 адамның өліміне себеп болуы мүмкін. Бұл олқылықты байқаған машина өндіруші компания 2014 жылдың ақпан айынан бастап ғана ақаулы автомобилдерін жаппай кері шақыртып алу жұмыстарын бастаған. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, концерндегі аталған проблема бұрын да белгілі болған, алайда олар ешқандай тиісті шаралар қабылдамаған көрінеді.

Қазіргі уақытта General Motors тексеру қызметтерімен бірлесе әрекеттер жасап жатыр, бұл оларға белгіленген жаза көлемін азайтуы мүмкін. Оның үстіне концерннің бұрынғы қызметкері үлкен даумен жұмыстан шығып кеткен. Осыған қарамастан, General Motors төлейтін айыппұл көлемі 1 млрд доллардан асып отыр.


Дереккөзі: auto.mail.ru.
 
нравится:    659
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии