Спорт
1 қыркүйек 16:30
Геннадий Головкин ​AllBoxing.Ru порталына сұхбат берді
Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жектерінің бірін өткізгісі келетінін айтты.


""



AllBoxing.Ru порталына берген сұхбатында 33 жастағы боксшы өзінің жоспарларымен де бөліскен.

“2017 жылы Астанада ЭКСПО халықаралық көрмесі өтетіні белгілі. “Астана ЭКСПО-2017″ компаниясы менің басты демеушім. Оның үстіне, Қазақстан үшін ол көрменің маңызы аса ерекше. Мүмкіндігім болса, осы мегажобаның қарсаңында Қазақстанда жекпе-жек өткізуді қалаймын. Бұл әрі әлемдік қоғамдастықтың назарын Астанаға аударуға септігін тигізетін болады”, –  деді Головкин портал тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин келесі кездесуін 17 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden кешенінде өтеді. Оның қарсыласы – канадалық Давид Лемье.

Дереккөзі; nur.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика