|    |  
22 қараша 2018
03:10
қаз
Геннадий Головкин Астанаға келді
28 қаңтар, 10:13 972
Белгілі боксшы Геннадий Головкин Астанаға келді. Қазақстанның намысын әлем елдері алдында қорғап жүрген азаматты көпшілік құрметпен қарсы алды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан тәуекелге бел буып келген батырды Астаналықтар қазақы дәммен қарсы алды.



29 қаңтар күні Геннадий Головкин Алматыда баспасөз мәслихатын өткізеді. “Баспасөз мәслихатына Геннадий Головкин «Цеснабанктың» әлеуметтік және қаржылық жобасының белді мүшесі ретінде қатысады. Алдағы уақытта «Цеснабанк» АҚ пен Халықаралық «MasterCard» төлем жүйесінде қазақстандық боксшының суреті мен қолы қойылған банк карточкалары шығады. Кез келген жанкүйер сүйікті боксшысының бейнесі салынған банк карточкаларын ала алады”, – деп жазады today.kz.






 
Жаңалықтар