13 Декабрь
01:58
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Спорт
18 мамыр 08:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Геннадий Головкин орта салмақта суперчемпиондық атағын қорғап қалды
Қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкин Калифорния штатындағы Инглвуд қаласындағы «Форум» аренасында американдық кіші Вилли Монроны алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, орта салмақта суперчемпиондық атағын қорғап қалды.

Бастапқыдан қарсыласын соққының астына алған Г.Головкин Монроны екінші раундта екі мәрте сұлатып түсіріп, нокдаунға жіберді. Дегенмен үшінші, төртінші раундта америкалық боксшы есін жиғандай болып қарсыласа бастады. Геннадий де «Форумдағы» 12 мың көрерменге қызықты созғысы келгендей, екпінін сәл басты. Алайда алтыншы раундта Г.Головкиннің ауыр соққысынан кейін алаңдағы төреші айқасты тоқтатты. Бұл - 33 жасар қазақстандық боксшының кәсіби рингтегі 33 кездесуіндегі кезекті жеңісі. Геннадий соның 30-ын, қатарынан 26 шайқасын нокаутпен аяқтап отыр.
нравится:    699
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии