16 Декабрь
07:30
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Спорт
5 қазан 17:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Геннадий Головкиннің анасы “Жыл патриоты” атанды
Атақты боксшы Геннадий Головкиннің анасы Елизавета Головкина «Жыл патриоты» байқауындағы «Ана жүрегі» аталымында лауреат атанды.



Жыл сайын өткізілетін «Жыл патриоты» байқауының қорытындысы салтанатты түрде «Қазақстан» орталық концерт залында бүгін «Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ел» атты республикалық патриоттық форум барысында ұйымдастырылды.

Байқаудың жеті аталымында батырлығымен, сонымен қатар күнделікті еңбегімен және нақты істерімен отансүйгіштігін дәлелдей алған азаматтар марапатталды.

Сонымен, «Менің елім» атылымында ғарышкер Айдын Айымбетов лауреат болды; «Ел бірлігі» аталымында «Динар – Электромаш» ЖШС істерін басқарушы Сергей Вишняк (Ақтөбе облысы), «Биік руханият» атылымында КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, «Нұрлы жол», аталымында «Қазлегпром – Алматы» ЖШС бас директоры Айбек Бектұрғанов, «Ерең еңбек» аталымында «Темірлан» ЖШС директоры Ерлан Алин, ал «Ерлік» атылымында суға батып бара жатқан екі сыныптасын құтқарған Никита Тюкин аталып өтті.

Ұйымдастырушылар олар Қазақстан халқының жеңістері мен жетістіктерінің тарихындағы ел патриоттарының алтын тізіміне енгізілетіндігін жеткізді.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    867
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии