17 Декабрь
23:49
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
22 сәуір 12:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Георгиев лентасы» түстес көйлек киген актрисаның басы дауға қалды
Мода туралы  жазатын халықаралық «Elle» украиндық журналының мамыр айына шыққан нөмері әлеуметтік желіні пайдаланушылар арасында үлкен дау туғызды, деп хабарлайды «Московский комсомолец».


Оларды журналдың бірінші бетіне шыққан моделдің «георгиев лентасы» түстес былғары көйлегі ашуландырды.

Жоғары Раданың бұрынғы депутаты Александр Бригинец, журнал өзі масқаралайтын «георгиевтік» жарнама жасап отыр деді.

Украиндық Elle журналының басты бетінде 34-жастағы американдық Мишель Уильямс, Louis Vuitton француздық сән үйінің жаңа коллекциясын ұсынған болатын. Алайда, дәл осындай сән үлгісі Elle-нің сәуір айындағы британдық шығарылымында жарияланған  еді.
 
Facebook пайдаланушы украиндықтардың бір бөлігі,  Elle редакция бұл қадамға Ресейде Жеңістің 70-жылдығын кең ткөлемде атап өтуіне байланысты саналы түрде барып отыр деп пайымдайды.

Киев Жеңіс күнінің белгі ретінде алынып жүрген георгиев лентасынан бас тартқан болатын.
Ұлы Жеңіс күні Киевте өтетін ресми іс шарада бірінші рет георгиев лентасының орнына, соғыста қаза тапқандарды еске алудың еуропалық белгісі – қызыл көкнәр қолданылатын болады. Ол туралы Украина ұлттық ескерткіштер институты (УҰЕИ) хабарлады.
 
нравится:    852
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии