26 Сентябрь
16:54
Астана: 7 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Әлем жаңалықтары
17 тамыз 10:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Германияда иттерге арналған көрме өтті
Естімеген елде көп. Берлинде иттерге арналған көрме жұмысын бастады. Яғни ұлы суретшілердің шығармалары бұл жолы төртаяқты жануарлардың назарына қойылып отыр. Қызығы сол, келушілердің қатары өте көп. Аз уақыт ішінде экспозицияларды 20 мыңнан аса үй жануары тамашалапты. 



Лиля – көпшілікпен бірге иттердің көрмесіне келген қонақ. Ол әрбір туындыға жіті назарын салып, мұқият қарайды. Себебі, онда өзі сияқты иттердің небір түрі салынған. Қожайыны Дорис Родевег болса дәл осындай шараның өтетінін естігенде, бірден билет алғанын айтады. Дорис Родевег, жергілікті тұрғын: - Өзім өнерді жақсы көремін. Үйімнің бұрыш-бұрышына түрлі туындыларды іліп тастағанмын. Ал бүгінгі көрменің жөні бөлек. Шынымды айтсам, иттердің суреті осынша көп екенін білмеппін. Лиля екеуіміз керемет әсер алдық. Қызығы сол, көрме туындылары иттердің қарауына ыңғайлы етіп қойылған. Ал үй жануарларының назарына арналған суреттер саны 50-ден асады. Барлығы да орта ғасырларда салынған. Авторларының арасында Рембрандт, Дюрер, Рубенс сияқты атақты суретшілер бар. Иттерге арналған көрменің, тіпті, өз ережелері де бар екен. Мәселен, келген үй жануарларының бойы 50 сантиметрден аспауы керек. Бұған қоса, музейде үруге және туындыларды иіскеуге тыйым салынған.

Дереккөзі: 24kz
нравится:    820
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии