16 Декабрь
19:07
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
9 маусым 11:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Германияда өткен G7 саммиті аяқталды
Германияда үлкен жетілік саммиті аяқталды. АҚШ, Германия, Канада, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Италия басшылары Эльмау сарайында келіссөздер өткізді. G7 жиынының күн тәртібінде Украинадағы дағдарыс, кедейшілік пен күрес және климаттың өзгеруі сияқты ауқымды халықаралық түйткілдер талқыланды.



Биыл АҚШ, Германия, Канада, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Италия басшылары әлемдегі жаһандық мәселелерді талқылау үшін қайта бас қосты. Кездесуде Грекиядағы ахуал мен Украина дағдарысы басты мәселелердің бірі болды. Үлкен жетілік саммитінде басшылар Грекияның қарыз мәселесін де қызу талқылады. Ангела Меркель, Германия канцлері: - Грекия жаңа ұсыныс жасап реформаларды жүзеге асырады деп үміттенеміз. Германия мен Еуроодақтың барлық елдері Грекияның Еуро аймақта қалуын қалайды. Бұл үшін маңызды қадамдар жасалынды. Алайда шешім қабылдау үшін аз уақыт қалды. Климаттың өзгеруі де назардан тыс қалмады. Осы орайда Германия канцлері Ангела Меркель атом және көмір электр стансасынан толық бас тарту идеясын алға тартты. Келіссөздер барысында саммит мүшелері климатты қорғау үшін 2020 жылға дейін 100 млрд АҚШ доллар қаражат бөлу керек деген шешімге келді. Сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесін жаңартып, әлемде өршіп тұрған аурулармен күресу үшін арнайы қор ашылатынын және ашаршылықпен күресу бағдарламасы әзірленетіні белгілі болды. Ангела Меркель, Германия канцлері: - Әлемде шамамен жарты млрд адам ашаршылық қасіретін басынан өткеруде. Бұл мәселе 2030 жылға дейін шешілу керек. Күллі әлемнің өркендеуі біздің жауапкершілігімізде. Кездесу көбінесе жабық есік түрінде өтті. Алдағы жылдары ортақ мақсат қойған тараптар терроризмге қарсы күрес жолдарын да ойластырды. Дэвид Кэмерон, Ұлыбритания премьер-министрі: - Ливиядағы тұрақсыздық – үлкен қауіп. Бұл мемлекет лаңкестік әрекеттердің кең етек алуына қолайлы елдердің біріне айналды. Қазірдің өзінде Ливия арқылы Еуропаға қару-жарақ пен заңсыз адам тасымалданады. Біз бұнымен күресуіміз керек. Германия халқының «Алып жетіліктің» саммитіне қарсы болып бас көтеруіне қарамастан шара өз мәресіне дейін жетті. Германия канцлерінің пікірінше, екікүндік кездесу нәтижелі өтті. Ал ауқымды шараның өткізілуіне Германия қазынасынан 360 млн еуро жұмсалды.

Дереккөзі: 24kz
нравится:    659
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии