23 Август
17:56
Астана: 28 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
10 ақпан 12:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Германияда пойыздардың соқтығысу себептері белгілі болды


Баварияда пойыздардың соқтығысуына адам факторы себеп болған, деп хабарлайды RedaktionsNetzwerk Deutschland құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Диспетчерлердің бірі кешіккен пойызды өткізу үшін автоматты дабыл жүйесін сөндіріп тастаған. Құрам қарама-қарсы жүйткіп келе жатқан пойызбен соқтығысып қалмас үшін, дер кезінде жол қиылысын кесіп өтуі тиіс болған. Алайда дәл осы сәтте диспетчер екінші пойызға да жүруге рұқсат берген.

Естеріңізге салып өтсек, жол апаты 9 ақпан күні таңертең Германияның оңтүстігінде орын алды. Екі жолаушылар пойызы соқтығысып, салдарынан 10 адам қаза тапқан. 80-ге жуығы түрлі жарақат алды. 


Дереккөзі: БАҚ материалдары
нравится:    712
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии