|    |  
21 қараша 2018
00:49
қаз
Германияда жаңажылдық жәрмеңке ашылды
30 қараша, 10:48 671
Германияның Нюрнберг қаласында әлемге әйгілі жаңажылдық жәрмеңке ашылды.



Бұл шараның бастауы XVIІ ғасырда жатыр. Жыл сайын аталмыш базарға дүниежүзінің түкпір-түкпірінен 2 млн-ға жуық турист келеді. Биыл сатушылар мен сатып алушылардан басқа полицейлердің де қатары көбейген. Мұндай қатаң қауіпсіздік шаралары 13 қарашадағы Париждегі лаңкестік шабуылдардан кейін күшейтілді. Бірақ жергілікті билік «ешқандай нақты қауіп-қатер жоқ», - дейді. Жәрмеңке жұмысы 24 желтоқсанға дейін жалғасады. 

Дереккөзі: 24 kz
Теги: Қоғам
Жаңалықтар