27 Сентябрь
01:58
Астана: 0 °C
Алматы: 9 °C
USD/KZT: 339.68
EUR/KZT: 401.13
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.26
Әлем жаңалықтары
24 тамыз 09:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Германияның аралынан өткен ғасыр сәлемдемесі табылды
Германиягың Амрум аралында 1904 жылдың, Фриз аралдарынан 1906 жылдың таңбасы салынған екі бөтелке табылды. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, олар биылғы жылдың сәуір айында белгілі болыпты.


«Интерфакс» порталының жазуынша, ғалымдар XX ғасырдың басында мың дана бөтелкені Солтүстік теңізге ағызып жіберген. Олар осылайша теңіз ағысының бағытын анықтап алмақшы болады. Ал шыны ішіндегі сәлемдемеде мұны тапқан адамнан оны Ұлыбритания теңіз биологиялық ассоциациясына өткізу өтінілген екен. Сонымен бірге, тапқан кісіге бір шиллинг көлемінде ақы төленетіні де айтылыпты.

«Біз қатты толқып тұрмыз. Себебі, бөтелкеден осындай сәлемдеме аламыз деп ойлаған жоқ едік», – деді осыған орай ассоциация өкілі Гай Бейкер. Ол бұған XX ғасырдың басында теңізге жіберілген бұл бөтелкелер партиясының басым бөлігі бұдан оншақты жыл бұрын жинап алынғанын қосты.

Ассоциация енді Гиннесс рекордтар кітабына Амрум аралынан табылған бөтелкені ең көне осындай сәлемдеме ретінде тіркеуді өтініш еткелі отыр. Бұған дейінгі ең байырғы бөтелке 1914 жылы жіберіліп, 99 жылдан кейін табылған екен.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    834
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии