23 Апрель
13:30
Астана: 14 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 326.17
EUR/KZT: 401.25
RUB/KZT: 5.31
CNY/KZT: 51.84
Әлем жаңалықтары
7 қаңтар 17:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Гиннестің рекордтар кітабы-2017: ең ғажайып жетістіктер



2017 жылы Гиннестің рекодтар кітабына көптеген рекордтан енді. Солардың ішінде таңғажайыптары да, оғаш көрінетіндері де жетерлік. Төменде өткен жылдың ерекше рекордтары топтамасын ұсынып отырмыз. 


«Ең ұзын ит құйрығы»
Әлемдегі ең ұзын құйрығы бар Кеон есімді ит Бельгияда өмір сүреді. Оный құйрығының ұзындығы 76,8 сантиметр.



 
«Әлемдегі ең ұзын мысық»
Әлемнің денесі ең ұзын мысық Ұлыбританияда. Людо есімді рекор иесінің денесінің ұзындығы 118,33 сантиметрді құрайды.



 
«Ламаның кермеден ең биік секірісі»
Әлемдегі ламалар арасында ең биік кермеден секірген Каспа есімді (Англия) лама 1,13 метр биіктікті бағындырды.




 
«Табанның ең үлкен айналу бұрышы»
Максвелл Дэй есімді америкалық табанын 157 градусқа бұрып, әлемді таң қалдырды.



 
«Адамның оттегі берілмей ең ұзақ жануы»
Ең ақылға қонбайтын рекордтардың бірін австриялық Йозеф Тедтлинг орнатты. Ол оттегі берілмей 5 минут 41 секунд бойы отқа оранды.

 


«Ең үлкен ауыз»
Берндт Шмидт есімді неміс аузын 8,8 сантиметрге дейін кеңінен аша алады.
 



«Әлемдегі бойы ең биік ит»
АҚШ-тың Флорида штатында Лизза есімді иттің бойы 7 жасында 96,41 см жеткен.



 
«Гамбургерге қатысты заттардың ең үлкен коллекциясы»
Әдетте, гамбургердің негізгі фанаттары америкалықтар деген стереотип қалыптасқанымен, Хэрри Шперл есімні неміс олардың алдын орап өтті. Оның жинаған коллекциясында 3724 зат бар.



 
«Ең жас сақалды әйел»
Бұл атақ британдық модель — Харнаам Каурге тиесілі. Рекорд тіркелген кезде комиссиясы оның жасы 24 жыл 282 күн екенін анықтаған.



 
«Бір минут ішінде мысықтың қатысуымен жасалған ең көп трюктер саны»
Бұл санаттың жеңімпазы америкалық азамат комиссияға 1 минутта 20 трюк көрсетіп үлгерген.



 
«Автомобиль жүріп өткен ең үлкен өлі тұзақ»
Бұл рекордты британдық Терри Грант орнатты. Ол өзінің «Ягуар» көлігімен диаметрі 19,08 метр тұзақ дөңгелектен жүрік өтті.


 

«Ең жылдам бір доңғалақты мотоцикл»
Ұлыбритания байкері Кевин Скотт өзінің «темір тұлпарын» сағатына 98,464 шақырымға дейін жүргізген.



 
Әлемдегі бойлары ең ұзын ерлі-зайыптылар жұбы Қытайда тұрады. Күйеуі Сунь Минмин (33 жаста) және әйелі Сюй Янь (29 жаста) екеуінің бойын қосқанда 423,47 см құрайды (Сунь Минмин – 236,17 см, Сюй Янь – 187,3 см).



 
Әлемдегі ең көп тату жасатқан әйел – америкалық Шарлотта Гуттенберг. Шарлоттаның денесінің 91,5%-ын тату басқан.




Итальяндық Дмитрий Панчера балмұздақ қауызына 121 шарикті сыйғызып жіберген.





Ағылшын Джон Эванс басына (төбесіне) қойып 159 кг салмақты еркін көтеріп тұра алады.


 

Венесуэланың 20 жасар тұрғыны Орландо Родригес – ең үлкен табанның иесі. Оның оң жақ табаны 40,1 см, ал сол жақ табаны - 39,6 см. Орландо 59 мөлшерлі аяқ киім киеді.




Әлемдегі тірі ешкінің ең үлкен мүйізі – Распутин есімді ешкі (Австрия). Мүйізінің ұзындығы – 135,2 см.
Әлемдегі аяғы ең ұзын әйел – ресейлік модель Екатерина Лисина. Оның сол аяғының ұзындығы 132,8 см, оң аяғы - 132,2 см. Бойы - 2,05 см.
 
 


Дереккөзі: БАҚ
нравится:    151
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии