23 Октябрь
06:32
Астана: -5 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
9 қыркүйек 17:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Гиннестің рекордтар кітабына кірген адам сенгісіз жаңа жетістіктер (фото)


Әлемдегі таңғажайып, адам сенгісіз әрекеттердің авторын сізге Гиннестің рекордтар кітабынан басқа ешқандай дерек көзі толымды етіп айтып бере алмайды. Басылым биылғы жылы (62-ші саны) төрт мың таңқалдырарлық жетістіктер мен рекордтарды жария етіп отыр. Бұл туралы dailymail.co.uk хабарлайды.

“Әр адам кітаптан қызық нәрселер таба алады: үй жануарларын таңқалдыра алатындай адам денесінің шексіз мүмкіндіктерін де байқауға болады”. – дейді кітаптың шеф-редакторы Крейг Глендэйл.



Тайлақтың ең биікке секіруі. Ұлыбританиядағы жануарлар орталығында Каспа есімді тайлақ әділқазылардың көзінше 1 метр 16 сантиметрге секіре алған.


Өкшені артқа толықтай бұру. Солтүстік Лондонда тұратын 14 жастағы Максвелл Дэй өкшелерін 157 градусқа дейін бұра алады.



Иттің ең ұзын құйрығы. Ирландиялық Кион есімді 5 жасар иттің құйрығының ұзындығы 76 см.



Ат өртеніп жатқан адамды сүйреп бара жатыр. Австриялық Джозеф Тидтлинг аттан 500 метр қашықтықта жатып сүйрелген.



Ең үлкен ауыз: 47 жастағы неміс Бернд Шмидт ауызын 8,7 см-ге дейін керіп аша алады.




57 жастағы италиялық Димитри Панчиера бір уақытта ауызына 121 балмұздақ шаригін сыйдыра алады.



Әлемдегі ең үлкен ит. Данияның Альва қаласында тұратын Лиззидің бойы 93 см.




Ірі дөңгелектері бар әлемдегі ең үлкен жүк көлігін америкалық Джен және Бред Кэмпбеллдер құрастырған. Оның ұзындығы – 9,75 метр.



Әлемдегі ең үлкен кебіс АҚШ-тағы Кейси қаласында орнатылған. Оның ұзындығы 3,5 метр, ені бір жарым метр, ал биіктігі 1,45 метрге жетеді.




Әлемдегі бургерге арналған ең үлкен топтама. Неміс Гарри Сперл сірә, фастфудты өте қатты жақсы көрсе керек. Оның топтамасына 3724 түрі кірген.




Әлемдегі сақалы бар ең жас әйел – 24 жастағы британиялық модель Харнаам Каур.




Америкалық Лоренс Стамп әлемдегі ең үлкен музыкалық аспапты жасап шығарған. Оның ұзындығы 3,9 метрді құрайды.



Флорида штатында тұратын Шарлотта Гуттенберг әлемдегі денесі татуировкаға толған жалғыз зейнеткер. Оның денесінің 91,5 пайызын тату жауып тұр.




Әлемдегі ең үлкен пошта жәшігін америкалық Джим Боллин құрған. Ұзындығы – 1,7 метр.




Британиялық Йен есімді адам “Доктор Кто” сериалына арналған әлемдегі ірі топтаманы жасап шықты.



Жер бетіндегі ең ұзын мысық – Лудо деп аталады Ұзындығы – 116 см.



Дереккөзі: Stan.kz



 
нравится:    1741
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии