|    |  
14 желтоқсан 2018
19:46
қаз
​Голландиялық фотожурналист снайперлер қолынан қаза тапты
03 қазан, 09:44 677

 
Ливияның ішінара «Ислам мемлекетінің» терроршылары басып алған Сирт қаласында голландиялық фотожурналист Йерун Урлеманс снайперлер қолынан қаза тапты. Журналист бүгін үйіне қайтуды жоспарлаған екен. Қорғаныс киімін кигенімен, оқ оның кеуде тұсынан тиіп, жүрегін зақымдаған. Лаңкестердің журналисті қасақана өлтіргені я оқтың абайсызда тигені беймәлім.
 
 
45 жастағы фотожурналистің артында әйелі мен үш баласы қалды.Урлеманс Ауғаныстан, Сирия мен Ливиядағы әскери іс-қимылдар кезінде жұмыс істеген. Журналистердің құқығын қорғау комитетінің дерегі бойынша фотограф жыл басынан бері Ливияда қаза тапқан үшінші журналист болып отыр.
 
Дереккөз: Лента.ру


Жаңалықтар