24 Октябрь
13:29
Астана: -1 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 336.05
EUR/KZT: 394.49
RUB/KZT: 5.85
CNY/KZT: 50.63
Экономика
6 қазан 14:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Голландиялық ING банкі 7 мың жұмысшысын қысқартпақ

Голландиялық ING 7 мың жұмыс орынын қысқартатынын мәлімдеді, - деп жазады khabar.kz.

Билік осындай қадамға соңғы рет 2009 жылы барған еді. Ендігі үнемделген 900 миллион евро банктің сандық тұғырнамаларын дамытуға жұмсалмақ.  ING 2021-ші жылға дейін компаниядағы 5 мың және мердігер-фирмалардағы 2 мың қызметкерін жұмыстан шығармақшы. Бұл шешім Бельгияда 3150 маманның жұмыссыз қалуына алып келеді.  Наразы жұрт 7 қазанда Банктің Бельгиядағы барлық бөлімшелеріндегі жұмыстарын тоқтатып, жаппай ереуіл ұйымдастырмақ.       Герман Вандерхаген, христиан кәсіподақтары конфедерациясының өкілі                                               

-Бұл қысқарту сөз жоқ біз сияқты қарапайым адамдарға да ауыр соғады. Миллиардтап табыс табатын банктің мұндай шешім қабылдауы экономиканың қаншалықты құлдырап кеткендігін білдіреді. Әрине, ашу тудыратын жағдай.
нравится:    543
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии