18 Август
14:48
Астана: 20 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Авто
10 тамыз 16:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Голландиялықтар қант қызылшасынан өздігінен еріп кететін автомобиль құрастырып шығарды


Жұмбақ: қанттан жасалған және сағатына 80 км жылдамдықпен төрт жолаушыны тасымалдай алатын зат, ол не? Дұрыс жауабы – өздігінен еріп кететін автомобиль.
Көліктің бұл түрі жалпы экологиялық таза автомобильдер тарихында жаңа бағыттың жаршысы болуы мүмкін.
Нидерланды студенттері салмағы жеңіл әрі заманауи талаптарға сай келетін автомобиль құрастырып шығарды, деп хабарлайды New York Post. Ол қант қызылшасынан алынған шайырдан, ал жабынды материалы голландиялық зығырдан жасалған. Өнертапқыштардың мәлімдеуі бойынша, көліктің доңғалақтары мен аспасы ғана бейорганикалық материалдардан әзірленген.

Lina деген атауға ие болған автомобиль шыны талшықтарынан жасалған авто секілді пропорцияға ие және салмағы небәрі 310 кг құрайды. Әзірше ол краш-тесттен өткен жоқ, бірақ корпусы соққы алған кезде майысып қалатын металл автомобильдерге қарағанда оның ерекшелігі еш сынбайды. Прототипке сынақ жүргізу жылдың соңына жоспарланып отыр, содан кейін ғана әзірлеушілерге көліктің бұл түрінің өндірісін бастауға рұқсат етілетін болады.
 

Дереккөзі: https://life.ru
 
нравится:    127
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии