Мәдениет
12 қазан 11:49
Голливуд кинолары туралы қызықты фактілер



Фильмдерді түсіру кезінде ең қызықты жайттар кадрдан тыс қалатын немесе экрандағы шиеленісті оқиғалар ағымында елеусіз қалып жататын кездер аз емес. Голливуд киноларына қатысты осындай бірнеше қызықты фактілерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.



«Бэтмен қайта оралды» фильмінде Мишель Пфайффер сомдаған мысық-әйелдің латекс костюмі тым тар әрі денеге жабысып тұратындықтан, актриса оны аз ғана уақытқа киіп, жиі киім ауыстырып отырған. Себебі костюм тыныс алуға кедергі жасап, актрисаның есінен танып қалуы мүмкін еді. Мишель Пфайффер костюм құлақтарын қатты жауып тұратындықтан түсірілім барысында өз дауысын естімей қалған кездері де болғанын айтады.




«Титаник» фильмінің бюджеті «Титаник» кемесінің құнынан асып түскен. 1910-1912 жылдары алып кемені құрастыру үшін конструктор 7,5 млн доллар қаржы жұмсаған. 1997 жылы бұл сома инфляцияны есепке алғанда 120-150 млн долларды құрауы мүмкін еді. Ал фильмді түсіруге 200 млн доллар қаржы жұмсалған.




«Юра дәуіріндегі парк» фильмінде динозаврлардың дыбысы шын мәнінде тасбақалардың жұптасып шағылысуы кезінде шығаратын дыбыстарының жазбасы болып табылады.




«Болашаққа саяхат» («Назад в будущее») фильміндегі Delorean уақыт машинасы бастапқыда қарапайым тоңазытқыш болуы тиіс еді. Алайда режиссер мен сценарист фильмді көріп тамашалаған балалар үйде тоңазытқышқа кіріп алып, ата-аналарынан болашаққа саяхатқа шығуды талап етуі мүмкін екендігін ескеріп, бұл ойларынан қайтып, болашақ ұрпақтың пайдасына дұрыс шешім жасаған.




«Бесінші элемент» фильмінің кейіпкері Лилудың қарым-қатынас тілін режиссер Люк Бессон ойлап тапқан. Режиссер басты кейіпкердің тілді жаттап алуы қажет екендігі туралы қатаң талап қойған. Сондықтан Мила Йовович бұл талапты мүлтіксіз орындау үшін ойдан шығарылған тілді жаттап алуға мәжбүр болған. Фильмнің түсірілім жұмыстары аяқталар сәтте ол тіпті режиссермен «Бесінші элементтің» ғаламшар тілінде сөйлесе бастаған. Нәтижесінде режиссер мен актриса арасында махаббат оты тұтанған!




«Қарапайым күдіктілер» («Обычные подозреваемые») фильмінде қылмыскерлерді тану процесін түсіру керек болатын. Сырт көзге қарағанда полицейлердің өмірінде күнделікті кездесетін процесс болғанымен, актерлер осы сәтті түсіру кезінде әзіл-қалжыңға бой ұрып, көрініс бірнеше рет қайталап түсірілген. Сондықтан режиссерге «сәтті шыққан» дубльдің бірін пайдалануға тура келген. Нәтижесінде қалжыңбас актерлердің кейпі сюжетпен біте қайнасып, қылмыскерлердің полициямен мәмілеге келмегеніндей кейіпте шынайы шыққан кадрларға қол жеткізген.

 


«Бойцовский клуб» фильмінің әрбір сәтінде Starbucks кофесін жиі көруге болады. Режиссер Дэвид Финчер осылайша адамдардың күнделікті тұтыну мәдениеті біздің өмірімізге қалай әсер ететіне көрерменнің назарын аудармақ болған.




Тим Бёртон түсірген «Чарли және шоколад фабрикасы» фильміндегі Вилли Вонктің Жаңғақтар цехінде жаңғақ шағуға арнайы үйретілген шынайы тиіндер «жұмыс істеген».




Альфред Хичкок өз фильмдерінде эпизодтық рөлдерді сомдауды қатты ұнатқан. Бірақ «Құтқару шлюпкасы» («Спасательная шлюпка») фильмінде сюжет бойынша өзі түсетіндей бірде-бір кадр болмаған. Соған қарамастан режиссер өзін түсірудің ерекше амалын тапқан: басты кейіпкер қайықта отырған сәтті бейнелейтін кадрда суда қалқып бара жатқан газеттен Хичкоктың фотосын байқауға болады.




«Құдіретті Брюс» («Брюс Всемогущий») комедиясында Құдайға 776-23-23 телефон нөмірімен хабарласуға болады. Фильмнің сюжетіне сәйкес Буффалода кинокомпания түсірілім жұмыстары үшін осы нөмерді арнайы сатып алған, ал басқа қалалардағы осы нөмірдің иелері «Құдіретті Құдаймен» тілдескісі келген сезімтал көрермендердің қоңырау шалуынан шаршаған көрінеді. 
 

Дереккөзі: Рамблер 
 

Комментарии




Яндекс.Метрика