19 Август
07:28
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
25 маусым 16:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Голливудты бағындырған алғашқы қазақ
Бүгін Қазақстанда туып, Ресейде танылған, Голливудты бағындырған алғашқы қазақ - Тимур Бекмамбетовтың туған күні. 



Тимур Бекмамбетов 1961 жылы 25 маусымда бұрынғы Гурьев, қазіргі Атырауда туған. Бір жыл Мәскеудің авиация инстиутында оқиды. Кейіннен Ташкенттегі театр-көркемөнер институтын театр мен кино суретшісі мамандығы бойынша тәмамдайды.
1991 жылы Мәскеуде тележарнама, көркем және деректі кино, музыкалық клиптер түсіретін "Базелевс продакшн" компаниясын құрады. Сөйтіп режиссерлік мансап баспалдағын жарнама түсіруден бастаған Тимурдың "Империал" банкі туралы тізбекті жарнамалық роликтері көрермен зердесінде айрықша сақталып қалды.

Ал үлкен сахнада алғашқы түсірген картинасы деп "Гладиатриксты" айтуға болады.



Қазір Голливудта жұмыс істеп жүрген Тимур Бекмамбетовтың  "Өте қатерлі" (Wanted ) деген жаңа туындысы әлемдік экранға жол тартты. Онда басты рөлді Голливуд жұлдызы Анжелина Джоли ойнаған. 




Тимурдың Голливудтағы қолтаңбасы – Univesal Pictures компаниясының бюджеті 150 миллион доллар болатын блокбастер түсіретін режиссерді бұрынғы Советтік одақтан тұңғыш шақыруы болғандығымен де ерекшеленіп, тарихта қалады.

Бекмамбетовке фантаст жазушы Сергей Лукьяненконың кітаптары бойынша түсірген "Ночной дозор" және "Дневной дозор" фильмдері нағыз танымалдық әкеліп, даңққа бөледі.




Эльдар Рязановтың рұхсат етуімен бір емес бірнеше ұрпақтың сүйікті киносына айналып үлгерген "Ирония судьбы" фильмінің де жалғасын түсіріп, бұл картина Ресей кинобизнесіндегі долларлық табыс табу рекордын түбегейлі жаңартты. 



Әлемдік прокатқа шыққан алғашқы аптада –ақ 80 миллион доллар жинап үлгерген, әйгілі Анжелинаның қатысуымен Голливудта түсірген фильмінен кейін, Тимур Бекмамбетов Астанада өткен 5-ші халықаралық "Еуразия" кинофестивалының құрметті қонағы болды.






72934.kz материалдары негіздерінде дайындалды
нравится:    1447
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии