24 Январь
03:52
Астана: -33 °C
Алматы: -23 °C
USD/KZT: 323.20
EUR/KZT: 395.56
RUB/KZT: 5.72
CNY/KZT: 50.48
Спорт
23 шілде 18:12
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Головкин - Канело жекпе-жегінің жабық көрсетілімі қанша тұрады?
Орта салмақта әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің жекпе-жегіне билет ала алмағандар Лас-Вегастың мәдени демалыс орталықтарындағы жабық түрдегі тікелей көрсетілім арқылы тамашалай алады деп хабарлайды Vesti.kz.



Мысалы, олар мына жерлерден көре алады: Bellagio Resort and Casino, MGM Grand Hotel and Casino, Mandalay Bay Resort and Casino, The Mirage Hotel and Casino, Monte Carlo Resort and Casino, New York-New York Hotel and Casino, Luxor Hotel and Casino и Circus Circus Las Vegas. Құны - 75 доллар.

"Жабық көрсетілім - Лас-Вегастағы мегажекпе-жекті тамашалуға арналған ең тиімді тәсіл, ол фанаттарға тартысты атмосфера әсерін қалдырады", - деді Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Дереккөз: nur.kz
нравится:    88
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии