|    |  
18 қараша 2018
19:16
қаз
Головкин өзі өткізген ашық жаттығудың видеосын жариялады
28 тамыз, 09:35 46


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы рематчтың алдында журналистер мен жанкүйерлер үшін ашық жаттығу өткізді.

Ашық жаттығу Лос-Анджелестегі ( Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California стадионында өтті. Астана уақытымен 05:00-де басталған жаттығуды Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы Facebook-тегі ресми парақшасы арқылы тікелей трансляциялады. 

"Кеше менің жаттығуыма келген барша жанды көргеніме қуаныштымын. Өз жанкүйерлеріммен жақын жүздесіп, оларға қолтаңба үлестіру мені әрдайым қуантады. Мен сіздердің қолдауларыңызды жоғары бағалаймын. 15 қыркүйекте Лас-Вегаста кездескенше!" - деп жазды бүгін Головкин өзінің Твиттер-парақшасында. 

Еске сала кетсек, «Канело» - GGG жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaда болады.
   
Жаңалықтар