20 Октябрь
09:21
Астана: 7 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Спорт
7 қыркүйек 11:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Головкин ресейлік Сергей Ковалевті бір ұрып нокаутқа түсірді (видео)


6 қыркүйек күні Лондон орталығындағы Ковент-Гарден алаңында өткен Головкиннің ашық жаттығуы кезінде Джонни Нельсон ешкімге айтылмаған бір сырды жайып салды.

«Мен жаттығу залында болған бір сұмдықты естідім. Мұны айтып, Брукты үркіткім келмеп еді. Головкин жаттығу кезінде Сергей Ковалевті нокаутқа түсіріпті. Алайда, мұны әзірге Келл естіген жоқ. Міне, Головкиннің соққысы осындай. Ковалев – жартылай ауыр салмақтағы боксшы, ал Головкин оны елеген де жоқ», – дейді британиялық боксшы Джонни Нельсон Sky Sports News HQ арнасына берген сұхбатында.

Естеріңізге саламыз, 10 қазан күні WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) жартылай орта салмақтағы IBF чемпионы Келл Брукпен (36-0, 25 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек Лондондағы 20 мың көрермен сыятын O2 аренасында өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер кездесуді «Қазақстан» және «Қазспорт» арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Трансляция Астана уақытымен 00:00-де басталады.




нравится:    21087
Теги: Біздің мақтанышымыз, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Азамат2016-09-10 06:56:29
    10 қазан емес 10 қыркүйек болар?