14 Декабрь
06:20
Астана: -24 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Спорт
25 сәуір 09:58
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Головкин Уэйдті нокаутқа түсірді


Лос-Анджелесте орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен америкалық Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек аяқталды.
Бұл жекпе-жекке Геннадий Головкин барлық белбеулерін  - WBC (Interim), WBA, IBF, IBO тіккен болатын.
Доминик Уэйд кездесудің бірінші раундында-ақ нокдаунға түскен болатын. Екінші раундта Головкин америкалық бокшсыға ешбір мүмкіндік қалдырмады. Себебі екінші кезең бастала бере тағы да есінен танған Уэйд кездесуді жалғастыруға қайрат тапқанымен, көп ұзамай Головкин өз қарсыласын тағы бір мәрте жерге құлатты.
Осылайша, жерлесіміз кәсіпқой бокста өткізген 35 жекпе-жектің барлығын жеңіспен аяқтап отыр, оның 32-сі - нокаут.
Доминик Уэйдпен болған жекпе-жекте GGG қатарынан 16-шы рет чемпиондық белдікті қорғады.
Бұның алдында хабарлағанымыздай, қазақстандық  боксшы Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдпен болған айқасы үшін 2 миллион доллар алады. Головкин Давид Лемьемен жұдырықтасқанда тап осындай мөлшерде гонорар тапқан еді.  Ал Доминик Уэйдке 500 мың доллар төленбек.
Қазақстандық боксшының жекпе-жегін көруге келген халықтың санында шек болмады. 17 мың орындық «Форум» аренасында билеттердің барлығы дерлік сатылып кеткен. Жанкүйерлердің сұрауы бойынша ұйымдастырушылар қосымша билеттер шығаруға мәжбүр болды.
Қазақстандық боксшы келесі кездесуінде 7 мамырда өтетін Сауль Альварес-Амир Хан жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасуы тиіс. Себебі Головкин IBF/IBO/WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы әрі WBC нұсқасы бойынша әлемнің уақытша чемпионы, сондықтан ол Альварестің WBC чемпиондық титулына міндетті үміткер саналады. Алайда Сауль Альварес командасы орта салмақ аясында (160 фунт) қазақстандық боксшымен айқас өткізуге ниеттері жоқ екендіктерін байқатты.
 
нравится:    536
Теги: Біздің мақтанышымыз, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии