19 Август
22:35
Астана: 15 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
16 маусым 15:12
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Головкин жас бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

Оқылды: 471Бүгін Қарағандының 14-ықшам ауданында Геннадий Головкиннің өз қаражатынын салынған балалар алаңының ашылу салтанаты өтті. Оған сол өңірдің еңбектеген баласынан еңкейген үлкендеріне дейін жиналды. Тұлымдары желбіреген, бұрымдары өрілген жас бүлдіршіндердің қуаныштарында шек жоқ. Тіпті олар ойынға кірісіп кеткен, – деп хабарлады  Qasym.kz тілшісі.

Октябрь ауданының әкімі Қонаев Әлімжан Серікжанұлы балалар алаңын өз сөзімен ашып берді.

«Армысыздар, бүгінгі қуанышқа жиналған жас бүлдіршіндер және қонақтар. Бүгін ең біріншіден балаларға осындай қуанышты сыйлап отырған өзіміздің жерлесіміз Геннадий Головкинге үлкен рахметімізді айтамыз. Ол осы әрекеті арқылы Президентіміздің рухани жаңғыру туралы «Туған жер» бағдарламасын қолдайтындығын көрсетті. Қаламыздың өзге кәсіпкерлері де бұл игі бастамаға барынша қолдау көрсетуде. Енді біздің сіздерден өтінеріміз осы алаңды бүлдірмей, ұқыпты пайдалансаңыздар», -деді Әлімжан Қонаев.

Өз кезегінде тұрғындар осындай балалар алаңқайын сыйлаған Геннадий Головкинге алғысын білдіріп, оның балалық шағы осы аулада өткенін еске алды.

«Гена осы қалада дүние есігін ашқан. Осы жерде оның балалық шағы өтті. Ол өте салмақты да сыпайы жігіт болатын. Жастайынан осы жерде жүгіріп, спортпен шұғылданып жүретінін көретінбіз. Оны бокстан әлем чемпионы болады деп кім ойлаған. Қазір оны көгілдір экраннан көрсек мәз-мейрам болып қаламыз. Ия, біз Генаны мақтамасақ даттамаймыз. Жалпы бір сөзбен айтқанда, ол – біздің мақтанышымыз», – деді аудан тұрғыны.

Аудан тұрғындары Геннадий Головкинге шексіз алғыстарын білдіріп жатты. Жас бүлдіршіндердің ішенде өскенде Головкиндей боксшы болғылары келетіндер де жоқ емес екен. «Болар баланың бетін қақпа белін бу» дейді ғой дана халқымыз. Олай болса осы алаңда ойнып-күліп, боксшы болуды армандаған жастарымыздан да тағы бір әлем чемпионы шығар, бәлкім!

Бек Ноғайбайұлы

«Қасым-ақпарат»
нравится:    67
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии