20 Июль
08:46
Астана: 19 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 345.55
EUR/KZT: 401.01
RUB/KZT: 5.45
CNY/KZT: 50.98
Әлем жаңалықтары
29 желтоқсан 14:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Google адам дауысымен сөйлейтін жасанды интеллект жасап шығарды



Америкалық Google компаниясы нейржеліге негізделген және адамның сөйлегеніне қатты ұқсас тембрмен, ритммен сөйлеуге қабілетті Tacotron 2 жаңа нұсқасының сөйлеу синтезаторын әзірлеп шығарды, деп хабарлайды TechCrunch.

Джонатан Шеннің қатысуымен Google әзірлеушілері ұсынған Tacotron 2 алгоритмі екі нейронды желі негізінде жұмыс істейді.
Баспа нұсқасы арнайы Tacotron-спектрограммасына конверсияланады, мұнда ритм мен екпін таралады, ал сөздер WaveNet аналогына генерацияланады. Бұдан басқа, алгоритмге нейрожеліні оқытуға арналған деректерді жинау жүйесі енгізілген.

Аудиожазба шын мәнінде адамның сөйлеу тіліне қатты ұқсас, сөйлеу темпі шынайы сенімді, ал негізгі іркілістер ерекше айтылатын сөздерде болады. Тыңдаушылардың басым бөлігі комментарийлерінде кейбір сөздерді жүйе «бұрмаланған тілде» айтылатынын атап көрсетеді.
 
Tacorton 2 жұмысының үлгілерін Google ресми сайтынан тыңдауға болады. Бұл технология негізінен компания өнімдерінде пайдалалатын болады.

Жаңа алгоритмнің негізгі проблемаларының бірі сөйлеу сарынын реттеудің жоқ екені болып табылады.
Tacotron 2 өзінің алдындағы бірқатар елеулі кемшіліктері бар Tacotron және WaveNet нұсқаларынан тиімдірек жұмыс істейді.
 
Дереккөзі: www.segodnya.ua
 
нравится:    51
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии