24 Август
08:54
Астана: 17 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Экономика
9 ақпан 16:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Google басшысы 199 млн доллар көлемінде рекордтық сыйақы алды


Google-дың бас атқарушы директоры Сундар Пичаи 199 млн доллар сыйақы алды. Бұл шешімді интернет иесі Alphabet Inc. компаниясы қабылдады, деп хабарлайды Bloomberg.

Алайда, С.Пичаи  ақшаны бірден қолдана ала алмайды. Ол сыйақыны топ-менеджер ретінде Google-да жұмысын жалғастырған жағдайда ғана компания акциясы түрінде (273 мың акция)  тек 2019 жылы алады, деп жазады РБК.

Агенттіктің айтуынша, бұл компания тарихындағы ең үлкен сыйақы, ал егер С.Пичаи бұл марапатты иеленсе ол әлемдегі ең жоғарғы жалақылы топ-менеджерлердің бірі болмақ.

Сондай-ақ,  VMware Inc.-тың құрылтайшысы және бұрынғы бас атқарушы директоры Диана Грин 42,8 млн доллар алды. Өткен жылы ол өзі негізін қалаған Bebop Technologies Inc. компаниясын Google сатып алған соң, 148 млн доллар сыйақы алды.

Ал өткен жылы Morgan Stanley компаниясынан ауысып келген Google-дың қаржы директоры Рут Порат 38,8 млн доллар сыйақысын Пичаиға қойылған шарттар бойынша алған болатын.

Айта кетейік, ақпан айының басында Alphabet Apple компаниясын басып озып, әлемдегі ең бай компания атанды. Компания капиталы 568 млрд доллларды құрайды.

Дереккөзі: 7kun.kz
нравится:    604
Теги: Главная, Тұлға,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии