|    |  
11 желтоқсан 2018
14:10
қаз
Google компаниясы тарих қойнауына кетті
11 тамыз, 11:14 1169
 

Америкалық Google компаниясы қайтадан құрылымдалып, жаңадан Alphabet холдингін ашты. Енді Google осы холдингтің тек бір бөлігі ғана саналатын болады.

Бұл холдингтің құрамына қызметі жағынан ғаламтор бизнесінен алшақ бөлімдер де кіретін болады.

Олардың арасында Life Sciences (глюкозаға қатысты сезімтал болып келетін көз линзаларын өндіруші) және Calico (ұзақ өмір сүру мәселесімен айналысатын) компаниялары бар. Мұнан өзге Alphabet холдингінің құрамында жаңа идеяларды көтеруші X lab және жүкті дрондармен тасымалдау саласын жетілдіруші Wing компаниялары да болады.

Биржада Google акциялары Alphabet акциялары болып, автоматты түрде ауыстырылады. Alphabet компаниясының ғаламтордағы сайты — www.abc.xyz.

Дереккөзі: 24 kz


Жаңалықтар