16 Декабрь
16:47
Астана: -11 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
30 қыркүйек 15:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Google компаниясы YouTube видеохостингінің қазақстандық нұсқасын іске қосты




Google компаниясы YouTube видеохостингінің қазақстандық нұсқасын іске қосты, ол арқылы қолданушылар youtube.kz доменімен хабар алмасады, видеоны шығарып, бөлісе алады.
 
YouTube хостингінің бұл нұсқасында қазақстандық белгілі видеолар ұсынылады, сонымен қатар, сапалы видеоконтент жасайтын қазақстандық дарынды қолданушыларға, телекомпанияларға, жарнама берушілерге және брендтерге платформа ұсынады.
"YouTube Қазақстанда өте танымал, әсіресе 18-24 жастағылар үшін. Жергілікті қолданушылардың контентке қарап қана қоймай, өздерінің де жеке контентін жасағысы келгендерін байқап отырмыз. YouTube-тің Қазақстанда ресми ашылуы оларға жұмыстарын Қазақстанда да, әлемде де миллиондаған аудиторияға шығарып, оны тиімді дамытуға мүмкіндік береді", - деді Google компаниясының Қазақстандағы бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Максим Мачкасау.
Сонымен қатар, Google Қазақстанда YouTube серіктестік бағдарламасын іске қосып отыр. Енді әрбір қолданушы өзінің танымал арнасы арқылы ерекше контент жасап, видеохостингтің серіктесі бола алады. YouTube серіктес бағдарламаға серіктес-қатысушылардың арналарында жарнама қояды. Бұл арқылы қолданушылар монетизация жасай алады, яғни ақша таба алады.

Дереккөзі: tengrinews.kz
нравится:    703
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии