15 Декабрь
04:47
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
5 қазан 12:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Google трансформер ноутбукты таныстырды


Google  АҚШ-та жаңа фирмалық Pixelbook хромбукты таныстырды. Жаңа құрылғының қалыңдығы небәрі 10 мм, ал салмағы – 1 кг, деп хабарлайды Эспресо. Құрылғыны классикалық ноутбук немесе планшет ретінде пайдалануға болады.

Хромбук экранының диагоналі 12,3 дюйм, Quad HD LCD қолдайды. Google өкілі Мэтт Вокоун атап өткендей, құрылғы Core i5 немесе i7 процессорларда базаланған. Конфигурациясына қарай Pixelbook 8 ГБ оперативтік және 128 ГБ ендірілген жадыны немесе 16/512 иеленеді.
 
Pixelbook, егер Wi-Fi болмаса, интернетті смартфоннан автоматты түрде пайдаланады. Сонымен қатар, ноутбукте енді Google Assistant қолжетімді және оған пернетақтада арнайы жеке түймеше қарастырылған.

Pixelbook батареямен 10 сағатқа дейін жұмыс істеуге қабілетті, ал небәрі 15 минут зарядтау құрылғының жұмысын тағы екі сағатқа арттыруға мүмкіндік береді.

Pixelbook биылғы жылдың 31 қазаннан бастап сатылымға шығарылады. Жаңа құрылғының бағасы $999. Ноутбукқа қосымша арнайы Google Pixel Pen стилусы ұсынылады, алайда оны $99 жеке сатып алу қажет.




Дереккөзі: http://www.segodnya.ua

 
нравится:    62
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии