23 Август
18:01
Астана: 28 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
4 желтоқсан 09:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Грекия астанасында 15 мыңнан астам адам шеруге шықты
Наразылық шарасына осы елдегі ірі кәсіподақ басшылары мұрындық болған. Қаланың бірнеше жерінде ереуілшілер полицейлерге қарсы «Молотов» отты шөлмектерін лақтырды.



Олардың бірі қаржы министрлігінің ғимаратының ішіне түскен. Бұл шеру парламенттің 2016 жылға арналған бюджетті талқылауына байланысты ұйымдастырылды. Осыған орай, мемлекеттік мекемелер жұмысын тоқтатып, ел астанасына қатынайтын метро, теміржол және кеме қатынасында кедергілер туындаған. Соңғы кездері үкімет саясатына қырын қарайтындар қатары көбейіп барады. Билік тізгінін қолына алған СИРИЗА партиясы қыркүйекте мерзімінен бұрын өткен сайлауда 35 пайыз дауысқа ие болса, қазір оған сайлаушылардың 18 пайызы ғана дауыс беруге дайын. Лахид, Тунистен келген турист: - Наразылық бізді жайсыз жағдайға қалдырды. Бүгін осындағы туристік нысандарды көруге шыққан едік. Менің ойымша, мұндай шерулер елдегі туризм мен жалпы экономикаға үлкен зиян келтіреді.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    740
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии