18 Декабрь
01:30
Астана: -20 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
13 шілде 18:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Грекия парламенті ЕО талабын талқылауда
Ертең Грекия парламенті кезекті қатаң үнемдеу шараларын ұсынуы тиіс. Еуроодақ ресми Афинаға экономикалық ахуалды реттеуге байланысты осындай талап қойды. Еуропалық несие берушілер оңтайлы шешім қабылданса ғана тағы да көмек қолын созуға даярмыз дегенді алға тартып отыр.



Келісім бойынша қарызға белшесінен батқан Эллада елі алты бірдей заң жобасын қабылдауы шарт. Демек, тағы да зейнетақы қысқарып, салық мөлшері көбейеді. Ал қатаң үнемдеуден құты қашқан халық жақында ғана референдумда мұндай шараларға қарсы екенін білдірген болатын. Петрас, Афина тұрғыны: - Германия көмек көрсетуден бас тартпайды деп үміттенемін. Жағдайымыз жайнап салмаса да, тым болмаса, дефолттан аман қалар едік. Бірақ өкінішке қарай, жаңа реформаны жүзеге асыруға мәжбүр боламыз. Амал қанша, әйтпесе, Еуропадан шығып қалуымыз ғажап емес. Онда Словакия, Литва, Латвия, Эстония, Мальта елдерінің жайы не болмақ? Костас, Афина тұрғыны: - Жаңалықтардан реформа туралы естідім. Бірақ нақты нендей шаралар екені белгісіз. Меніңше, соңғы 20 жыл бойы Еуропа жаңылып, бұрыс жолмен жүріп келеді. Грекиядағы жағдай – соның бірден-бір дәлелі. Еуроодақ – біртұтас мемлекет емес. Сондықтан әр елдің өзінің даму жолы, өзіне тиімді жағы болады. Қандай да бір қателік жіберуі де әбден мүмкін. Әйткенмен, бізге Еуропа елдері сияқты серіктестер қажет.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    766
Теги: Саясат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии