13 Декабрь
07:43
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
21 тамыз 11:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Грекия премьер-министрі отставкаға кететінін жариялады
 

Грекияның премьер-министрі Алексис Ципрас отставкаға кететінін жария етті. Үкімет басшысы сондай-ақ ел президентіне кезектен тыс парламенттік сайлау жүргізу туралы ұсыныс жасады. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, саяси дода 20 қыркүйекте өтуі тиіс.

Еске сала кетейік, өткен аптада Грекия парламенті Еуроодақтың 86 млрд еуро көлеміндегі үшінші қаржылай көмек бағдарламасының шарттарын қабылдаған болатын. Есесіне Эллада елі шығындарды қысқартып, салықты көтеруі тиіс.

Алайда дауыс беру кезінде Ципрас жетекшілік ететін СИРИЗА партиясы депутаттарының көбі қатаң үнемдеу шарттарына қарсы шыққан. Дей тұрғанмен сарапшылар Алексис Ципрас партиясы қайта сайлануы әбден мүмкін деген болжам айтып отыр. Ал әзірге үкімет басшысының міндетін Грекия жоғарғы сотының төрағасы атқаратын болады.   

Дереккөзі: 24 kz
нравится:    750
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • serhan2015-08-31 22:00:16
    ok