20 Сентябрь
11:52
Астана: 16 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Экономика
22 шілде 15:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Грекия Ресейден 10 млрд. доллар сұрады
Грекияның премьер-министрі Алексис Ципрас өз елінің еуроаймақтан шығу процесін бастап кету үшін Ресей президенті Владимир Путиннен 10 млрд доллар көлемінде шұғыл кредит сұрады. Бұл туралы To Vima басылымына сілтеме жасап ras.kz хабарлады.

 

Ресей жағы кредиттің бір бөлігін беру үшін шарт ретінде гректерге құбыр құрылысын жүргізуду қолға алуды ұсынды.

«Премьер-министр Алексис Ципрас Грекияның еуро аймағынан шығу процедурасын бастау үшін Ресейден он миллиард доллар көлемінде кредит сұрады», деп атап көрсетті грек шенеунігінің сөзін келтірген басылым.

«Ресей Афинаның өтінішін кейінге қалдырған жоқ, бірден бес миллиард доллар кредит беру жөніндегі келіссөзді бастап кетті. Бұған шарт ретінде Грекияның «Оңтүстік тасқынды» салуға қатысуын алға тартты», – деп анықтап өтті грек шенеунігі.

Бірақ грек газеті Алексис Ципрастың бұл өтінішті қашан жолдағанын ашып айтпайды. Грекия премьер-министрі Ресей президентімен соңғы рет 6 шілде күні, грек тобы даулы рефередум өткен бойда Еурокомиссиямен келіссөз жүргізіп болғасын сөйлескен еді.
нравится:    788
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии