19 Август
07:33
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
4 маусым 10:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Грекия үкіметі дефолтқа қарсы амалдар қарастыруда
Грекия үкіметі Еуроодақ алдындағы қарызынан құтылу жолын әлі ойластыруда. Дефолтқа ұшырау үшін несие берушілерден қайта көмек сұрамақ. Қазір жергілікті билік арнай құжаттар дайындау үстінде. Ал Еуроодақ елдері оған қол ұшын беруге дайын екенін білдірді. Грекия билігі несие берушілермен кезекті келісім жасасты. Құжат Еуротоптың отырысына дейін әзір болуы керек. Егер тараптар арасында ауызбіршілік болса, Грекияға 7,5 млрд еуро мөлшерінде көмек көрсетілетін болады. Оған қоса бұл қаражат таусылғаннан кейін де несие беріледі деп жоспарлануда.



Сарапшылардың айтуынша, бұл Грекияның дефолтқа ұшырамаудың жалғыз ғана жолы болып отыр. Георгиос Катругалос, Еуропарламент депутаты: - Қазіргі белгісіздік Грекия экономикасына қауіп тигізіп тұр. Біз бір мәмілеге келуіміз керек. Алайда ел экономикасына, халыққа кесірі тимейтін шараларды қолға алуымыз керек. Қайтсе де зейнеткерлер мен мемлекеттік қызметтер зиян шекпеуі тиіс. Грекияға қаржылай көмек көрсету бағдарламасы маусымның соңына дейін ғана өз күшіне ие. Еуротоп отырысында бұл бағдарламаны 2015 жылды соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылданбақ. Кейбір сарапшылар Афинаның несиелерді өтей алмаса, еуроаймақтан шығу қаупі бар екенін айтады. Қарапайым халық болса, Грекияның дефолтқа ұшырау қаупін , жаңа құрылған үкіметтің тиімсіз жоспарымен байланыстырады. Халықтың әбден үрейі қашты. Алдағы уақытта не боларын да ойлағымыз келмейді. Тығырықтан шығудың тұрақты жоспары жоқ. Елдің болашағы бұлыңғыр болып тұр. Яннис Тиниакос, дүкен иесі: - Жаңа үкімет құрылғанда оған зор үміт артқан едік. Дағдарыстан көп ұзамай шығатынымызға сендік. Алайда,еш нәрсе өзгерген жоқ. Бәрі сол қалыпты. Грекия саясаткерлерінің пікірінше, Афины Халықаралық валюта қорына өз берешегін бере алмайды. 5 маусым күні Грекия 300 млн еуро қарызынан құтылу керек, ал 5-19 күндері аралығында аталған қорға 1,6 млрд еуро қайтаруы тиіс. Десе де, бұл елдің алдағы тағдыры Еуротоп отырысынан кейін белгілі болады.

Дереккөзі: 24.kz



 
нравится:    733
Теги: Саясат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии