|    |  
13 желтоқсан 2018
20:36
қаз
​Грекияда жер сілкініп, 2 адам қаза тапты
18 қараша, 16:01 769
Грекияның батысындағы Лефкада және Керкира аралдарында 5,9 балдық жер сілкінісі болып, екі адам қаза тапты.



Соның бірі – 60 жастағы Понти Василики елді мекенінің тұрғыны. Оның ажалына жер дүмпуі кезінде жоғарыдан қатты жылдамдықпен құлаған алып тас себеп болған. Үйдің қабырғасын жарып кірген тастан іште отырған кейуананың басы қатты соққы алып, тіл тартпай кеткен. Табиғи апаттан Афани елді мекенінің де бір тұрғын қаза тапты. Сондай-ақ жарақат алған бірнеше адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Олардың арасында жас балалар да бар.

Дерекөзі: 24.kz


Жаңалықтар