11 Декабрь
17:22
Астана: -9 °C
Алматы: 0 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Әлем жаңалықтары
22 қыркүйек 15:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Гуглдан іздеу тәсілдері
Күніне қаншама миллион адам мәлімет іздеу үшін Гугл (Google) іздеу жүйесін қолданады. Бірақ, бұл адамдардың көбісі гуглдан іздеудің біршама тәсілдері бар екенін білмейді. Сол біршама тәсілдер төменде келтірілді:

1. Белгілі бір сөзді іздеу.
Белгілі бір сөйлемді немесе сөзді іздеу үшін ол сөзді тырнақшаға алып іздеу керек. Мысалы төмендегі екі суретті салыстырып көріңіз:



2. Сөзі түсіп қалған сөйлемді іздеу.
Мысалы сіз бір сөйлемде, дәйексөзде немесе мақал-мәтелде бір сөзді ұмытып қалдыңыз, "Бір қыздың кесірі қырық есекке жүк" деген мәтелде, "кесірі" деген сөзді ұмытып қалсаңыз және мұны гуглдан іздегіңіз келсе, былай іздейсіз:

Бір қыздың * қырық есекке жүк

3. Бірнеше сөздің ішінен кез келгенін табу.
Мысалы сізге "ертегі", "информатика", "рецепт" туралы мәліметтер керек. Осы үш сөз кездесетін мәліметтердің барлығын іздеу үшін, гуглға осы үш сөзді тік слэшпен бөліп жазасыз, яғни былай:

ертегі | информатика | рецепт

4. Бір сөйлемнің ішінде кездесетін сөздерді табу.
Екі немесе одан көп сөз бір сөйлемде кездесетін мәліметті қалай табуға болады?! Ол үшін & (амперсанд) белгісін қолдану керек. Мысалы:

роналду & қақпашы & Қазақстан

5. Міндетті бір сөзді қосу.
Ізделетін мәліметтің (уэб беттің) ішінде міндетті түрде болу керек сөзді қосу үшін, сол сөздің алдына "+" қою керек. Мысалы:

Сынып +биология

6. Іздеу нәтижелерінен белгілі бір сөзді алып тастау.
Іздеудің нәтижесінде болмау керек сөзді қалай жазуға болады. Мысалы сізге иттің түрлерін іздеу керек. Бірақ іздеу нәтижесінде "төбет" деген сөз болмау керек. Бұл жағдайда гуглға былай жазасыз:

Иттің түрлері -төбет

7. Мәліметті белгілі бір сайттан іздеу.
Мәліметті белгілі бір сайттан қалай іздеуге болады. Мысалы bilim-all.kz сайтынан "Информатика" жайында мәлімет іздегіңіз келді, бұл жағдайда гуглға былай жазасыз:

Информатика site:bilim-all.kz

8. Белгілі бір типтегі құжатты іздеу.
Мысалы сізге ағылшын тілінен мәліметтер керек болды және бұл мәліметті pdf форматында тапқыңыз келеді. Мұны mime операторы арқылы іске асыруға болады. (Мысалы сізге english in action деген сөз бойынша мәлімет керек)Бұл жағдайда гуглға былай жазасыз:

english in action mime:pdf

9. Сөздің мағынасын іздеу.
Белгілі бір сөздің мағынасын іздеу операциясы "define" операторын қолдану арқылы іске асырылады. Мысалы:

define: color

10. Калькулятор
Гуглды калькулятор есебінде де қолдануға болады. Мысалы: 87*12 деп іздеп көріңіз

11. Кэштелген уэб бетті іздеу.
Белгілі бір сайттың соңғы кэштелген бетін іздеу үшін былай жазасыз, мысалы: cache:bilim-all.kz

12. Қаладағы ауа райы.
Белгілі бір қаладағы ауа-райын білу үшін, гуглға былай жазасыз,(мысалы Алматы): weather Алматы

Дереккөзі: bilim-all.kz
нравится:    898
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии