24 Август
11:08
Астана: 24 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Кербез
7 қазан 15:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Гүл сыйлау этикасы туралы не білеміз?

Жақын адамыңыздан сыйлыққа гүл алсаңыз, ол сіздің көңіліңізді көтеріп қана қоймай, денсаулығыңыздың жақсаруына да әсерін тигізеді екен. Айтпағымыз, дәрілік өсімдіктердің емдік әсері емес, кәдімгі аулаға, бөлмеге көрік беретін қарапайым гүлдердің денсаулыққа пайдасы жөнінде болмақ.

Әдетте жақын адамға гүл таңдауда біз сыртқы пішіні мен түріне, әдемілігіне ғана мән береміз. Ал, зерттеулерге сенсек, көз арқылы қабылданатын гүлдердің түсі миға әсер етіп, ағза қызметін жақсарта түседі екен. Сол себептен, кез келген гүлді сыйға тартқанда, оның түсіне, сабағының ұзындығына, пішініне қарау керек. Мәселен, ақ түсті гүл адамның көңіл-күйін көтереді, сары түсті гүл - жылу мен байлықтың белгісі, ал күлгін түс - кеңдік пен сенімділікті білдірсе, қызыл гүл мерекелік көніл-күйді сипаттайды.

Сонымен, қандай түсті гүлдер ағзаға пайдалы, соған тоқталайық:

Қызыл түс. Мидың психикалық белсенділігін арттырады. Қандағы адреналинді көтеріп, адамға күш-қуат береді. Осы түстің әсер етуімен ағзадағы жыныс гормондарының концентрациясы көбейеді. Қызыл түсті гүлдер шаршауды басады. Егер климаттық өзгерістерге ағзаңыз төзе алмаса бөлмеге қызыл түсті гүлдер қойыңыз, атмосфералық өзгерістерді жеңуге көмегі зор.

Ақ түс. Тазалық пен ұқыптылықтың белгісі. Мұндай түсті гүлдерді жаны таза адамдар ұнатады. Ол адамды жаман ойдан арылтып, шешілмей жатқан мәселелерді маңызсыз етеді. Ақ түсті гүлдерді шығынға ұшыраған адамға, немесе созылмалы аурудан айыға алмай зардап шегіп жүрген науқасқа сыйлаған жөн.

Сары түс. Зат алмасу қызметін жақсартады. Орталық жүйке жүйесінің жұмысын реттеп, иммунитет күшін көтереді. Сары түсті гүлдерді жұқпа ауруларымен науқастанып жатқандарға немесе уайым шегіп жүргендерге берген жөн.

Көк түс. Түн мен тыныштықтың түсі. Көк және ашық көк түсті гүлдер миға тыныштық сыйлап, ұйқының жайлы әрі жақсы болуына әсер етеді.

Айта кетейік, гүлдің иісінде де осындай ерекшелік бар. Түстерінен бөлек, олардың иістері де адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, ағзаның өмір сүру қабілетін жақсартады.

Жалбыз иісі. Қан тамырларын кеңейтіп, артериялық қан қысымын қалыпты жағдайда ұстайды. Жүйке жүйесін тыныштандырып, жүрек шаншуын басады. Бас ауруын қойдыртады. Шаршауды басып, тән мен жанға қуат береді. Тәбетті арттырып, ас қорытуды жақсартып, жүрек айнуын басады.

Түймедақ өзінің жұмсақ иісімен жүйкені тыныштандырып, ұйқыны жақсартады. Адамның жүйке жүйесін әлдендіріп, ми тамырларын кеңітеді.

​Baq.kz
 
нравится:    1070
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии