|    |  
21 қараша 2019
05:45
қаз
Гүлдердің денсаулыққа пайдасы
07 қараша 2019, 11:25 46
Жақын адамыңыздан сыйлыққа гүл алсаңыз, ол сіздің көңіліңізді көтеріп қана қоймай, денсаулығыңыздың жақсаруына да әсерін тигізеді екен.



Айтпағымыз дәрілік өсімдіктердің емдік әсері емес, кәдімгі аулаға, бөлмеге көрік беретін қарапайым гүлдердің денсаулыққа пайдасы жөнінде болмақ.

Гүлдің науқастанып жатқан адамның сауығып кетуіне әсер ететінін ата-бабаларымыз бұрыннан білсе керек. Сол себептен ертеректе науқас жанның алдына гүл шоқтарын қою дәстүрге айналған.

Әдетте жақын адамға гүл таңдауда біз сыртқы пішіні мен түріне, әдемілігіне ғана мән береміз. Ал зерттеулерге сенсек, көз арқылы қабылданатын гүлдердің түсі миға әсер етіп, ағза қызметін жақсарта түседі екен. Сонымен, қандай түсті гүлдердің неге пайдасы бар екенін білгіңіз келсе, төменге көз жүгіртіңіз.

Сары түс. Зат алмасу қызметін жақсартады. Орталық жүйке жүйесінің жұмысын реттеп, иммунитет күшін көтереді. Сары түсті гүлдерді жұқпа ауруларымен науқастанып жатқандарға немесе уайым шегіп жүргендерге берген жөн.

Қызыл түс. Мидың психикалық белсенділігін арттырады. Қандағы адреналинді көтеріп, адамға күш-қуат береді. Осы түстің әсер етуімен ағзадағы жыныс гормондарының концентрациясы көбейеді. Қызыл түсті гүлдер шаршауды басады. Егер климаттық өзгерістерге ағзаңыз төзе алмаса бөлмеге қызыл түсті гүлдер қойыңыз, атмосфералық өзгерістерді жеңуге көмегі зор.

Жасыл түс. Ойлау қабілетін жақсартады. Кері энергияны қуып, адамдағы қорқынышты басады. Бөлме ішінде жасыл түсті бөлме өсімдіктері көп болса, ми ашымай, кез-келген нәрсеге мән беріп, серпінді жүресіз. Сондықтан жасыл түсті бөлме өсімдіктерін кеңсеге қойған жөн. Ол сізді ашудан сақтап, зейінді етеді.

Көк түс. Түн мен тыныштықтың түсі. Көк және ашық көк түсті гүлдер миға тыныштық сыйлап, ұйқының жайлы әрі жақсы болуына әсер етеді.

Ақ түс. Тазалық пен ұқыптылықтың белгісі.Мұндай түсті гүлдерді жаны таза адамдар ұнатады. Ол адамды жаман ойдан арылтып, шешілмей жатқан мәселелерді маңызсыз етеді. Ақ түсті гүлдерді шығынға ұшыраған адамға, яки созылмалы аурудан айыға алмай зардап шегіп жүрген науқасқа сыйлаңыз.

Гүлдің иісінде де осындай ерекшелік бар. Түстерінен бөлек, олардың иістері де адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, ағзаның өмір сүру қабілетін жақсартады.

Жалбыз иісі. Қан тамырларын кеңейтіп, артериялық қан қысымын қалыпты жағдайда ұстайды. Жүйке жүйесін тыныштандырып, жүрек шаншуын басады. Бас ауруын қойдыртады. Шаршауды басып, тән мен жанға қуат береді. Тәбетті арттырып, ас қорытуды жақсартып, жүрек айнуын басады.

Түймедақ өзінің жұмсақ иісімен жүйкені тыныштандырып, ұйқыны жақсартады.

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар