|    |  
19 қараша 2018
14:19
қаз
​Гүлнәр Каримова психиатриялық ауруханаға жатқызылды
21 қыркүйек, 09:24 1425


 
Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың қазасынан кейін оның үлкен қызы Гүлнәрдің тағдыры туралы әңгіме қайта қозғалды. Бұл түсінікті де. Себебі әкесінің көзі тірісінде Гүлнәр елдегі ықпалды тұлғалардың бірі саналған. Тек 5 жыл бұрын туындаған халықаралық қаржылық даулардан кейін жолы бөгелген еді.
 
Жоғары лауазымдағы дереккөз Президенттің тұңғыш қызының психиатриялық ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған. Себептері айтылмайды. Сондай-ақ оның ұлы Ислам Каримов анасымен байланыса алмай отырған көрінеді.
 

                                            Қос Ислам. Гүлнәрдің әкесі мен ұлы.

Гүлнәр Каримова кезінде саясатпен, бизнеспен ғана шектелген жоқ. Сән әлемінде бағын сынап, шоу-бизнесте «Гугуша» лақап атымен белгілі болған-ды. Кейін әкесінің бұйрығымен үйқамаққа алынған. Ал жалғыз сіңілісі Лола Каримова бір сұхбатында әпкесімен 12 жылдан бері араласпайтынын айтқан болатын.
 
Дереккөз: novostivmire.com
Жаңалықтар